Александровка тарихи - өлкетану мұражайы бірегей жерде орналасқан, мұражайдың негізі ағаш үй болды, бұл үй мұражайдың жәдігері болып саналады, оған 100 жылдан астам уақыт болды, оны көпес Шаповалов салған.

   Сонау өткен жылдары осы ағаш құрылысы балалар бақшасы болды (тұрғындардың естеліктері бойынша ол жарқын және жайлы болды). Содан кейін бұл үйде Бандуровская Мария Гавриловна өз отбасымен тұрды, ол Ресейге көшіп кетті, ал онда ұжымдық шаруашылық қонақ үйін құру мақсатында Абай атындағы ұжымдық шаруашылық сатып алды (директоры Н.Г. Соколов). 90 - шы жылдары қонақ үй керексіздіктен жабылды және бұл ғимарат ұзақ уақыт бос болды. Н.Г. Соколовқа ауыл тұрғындарынан бұл ғимаратты сатып алуға ұсыныстар түсті, өйткені ол жақсы материалдардан салынған еді. Николай Григорьевич көреген адам, бұл құрылысты бұзуға мүмкіндік бермеді. Нәтижесінде ауылдың тұрғындары мен қонақтары үшін қызмет етеді, онда ауылдың тарихы мен өмірімен танысуға болады.

    Тарихи – өлкетану мұражайы 2008 жылы 26 қыркүйекте ашылды. Бастамашылары - Александровка ауылдық округінің әкімі Букаев Құсайын Титаевич және «Абай» атындағы ЖШС директоры Соколов Николай Григорьевич. Оның құрылысына барлық ауыл тұрғындары және округтің аумағында жұмыс істейтін мекемелер қатысқан. Бірақ мұражай жәдігерлерінің неғұрлым терең тарихы бар. Бастапқыда, мектеп мұражайы «Ленин үйінде» болды, онда мектеп оқушылары кеңес халқының өмірін көрсететін әр түрлі ұсақ-түйектерді, макеттерді жасаған. Бірақ 1973 - 1974 оқу жылында жаңа мектептің ашылу кезінде мұражай үшін арнайы бір бөлме бөлінді, барлық жәдігерлер «Ленин үйінен» ауыстырылды. Мұнда барлық ауылдың мектеп оқушылары мен мұғалімдері көне заттар мен тарихи құжаттарды сақтау үшін жинады. 2008 жылы барлық жәдігерлер Александровка ауылдық округінің тарихи-өлкетану мұражайына берілді. Осылайша, мұражайдың жаңа тарихы басталды. 


   Александровский историко - краеведческий музей расположен в уникальном месте, основой музея стал деревянный дом, сам по себе этот дом, уже музейный экспонат, ему более 100 лет, построил его купец Шаповалов.

  В далеком прошлом в этой деревянной постройке находился детский садик, (по воспоминаниям жителей, он был светлым и уютным, и в нем вкусно пахло хлебом и перловой кашей). Затем в этом доме проживала Бандуровская Мария Гавриловна со своей семьей, которая уехала в Россию, а дом у нее выкупил колхоз им. Абая (директор Соколов Н.Г.) с целью создания в нем колхозной гостиницы. В 90 - е годы гостиница была закрыта за ненадобностью, и это здание стояло долгое время пустым. Соколову Н. Г. поступали от жителей села предложения выкупа этого здания, так как оно было построено из хорошего материала. Николай Григорьевич дальновидный человек, не позволил разобрать эту постройку. В итоге теперь оно служит для жителей и гостей села местом, где можно познакомиться с историй и жизнью села.

   Историко – краеведческий музей был открыт 26 сентября 2008 года. Инициатором создания музея стали - аким Александровского сельского округа Букаев Кусаин Титаевич и директор ТОО имени «Абая» Соколов Николай Григорьевич. В его строительстве принимали участие все жители села и учреждения находящиеся на территории округа. Но экспонаты музея имеют более глубокую историю. Первоначально, школьный музей находился в «Домике Ленина», где учащиеся школы делали макет кремля, разные поделки, отражающие жизнь советского народа. Но в 1973 - 1974 учебном году при открытии новой школы для музея специально было выделено одно из помещений, куда и перенесли все экспонаты из «Ленинского домика». Сюда со всего села учащиеся и педагоги школы собирали предметы старины и исторические документы для сохранности. В 2008 году все экспонаты были переданы в историко - краеведческий музей Александровского сельского округа. Так началась новая история музея.